Өлең, жыр, ақындар

Еске түстi...

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Еске түстi ертегi апам айтқан баяғы,
Менiң өмiр сапарым жер ортаға таяды.
Тiрлiк болды, бұл өмiр ештеңе де ұтпайтын,
Қайран анам, жан анам, бiр сәт естен шықпайтын.
Ескi бейiт, ескi ауыл, кеткем бәрiн қалдырып,
Иiнағашпен су алып, иығыңды талдырып.
Қара көзiң жасаурап жолға қарап тұрдың ба?
Алма ағаштың түбiне, текеметтi төсетiп,
көрпешеңдi салдырып.
Қия алмадым қайтейiн
Алматының жаңбырын,
Маңдайыма жазылған дәл осылай тағдырым.
Ассалаумағалайкүм, ей, тәкаппар қарлы шың,
Әкем бата берерде, анам айтқан баяғы,
Ғайыперен қырық шiлтен, шылауымда бармысың.
Бос болмаса шынында бүгiн менiң шылауым,
Ендi қалған ғұмырда мүмкiн емес жылауым.
Әлдекiмнен әлдене мүмкiн емес сұрауым,
Маған да ептеп ауысты-ау шашыңдағы қырауың.
Қара өлеңмен ауырған, қара балаң баяғы,
Солатұғын қырдағы гүлдердi де аяды.
Қайырылмаған артына қайран анам, жан анам,
Менiң өмiр сапарым жер ортаға таяды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шығыс шайырмен сырласу

  • 0
  • 0

Айналайын,
алтын адам,
Менiң әкем секiлдiсiң жаны iзгi,
Жетi ғасыр жарқыраған,

Толық

Ол көктем оралмайды

  • 0
  • 0

Кеудемде сан арман,
Оятты-ау көз iлсем.
Үзiлген жанардан,
Сағыныш едiң сен.

Толық

Даламызға шапағатын шашты кім

  • 0
  • 0

Даламызға шапағатын шашты кім,
Кімдер келіп жасамады қастығын.
Айтыңдаршы, ағайындар, күні ертең,
Сақталмаса, не боламыз Дәстүрім.

Толық

Қарап көріңіз