Өлең, жыр, ақындар

Жаңа ертегі

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 364
(Әзiл - шыны аралас өлең)

Жайсаңы көп қауым мынау зиялы,
Маған ертең бiр биiктi қияды.
Күлiмсiреп
бас изейдi барлығы,
Тұлпар ғой деп мұқалмаған тұяғы.
Нұрғиса ағам
күй арнайды сарнаған,
Қадыр көкем
дастан оқыр арнаған.
Менiң осы
жыр кешiме айтпай-ақ,
Бұл қазақта бiр адам жоқ бармаған.
Ақалтеке ат мiнгiзiп
Атырау,
Астана жақ шапан жауып жатыр-ау.
Ел ағасын
үйiме мен шақырып,
Ұлы адамдар бiрге келдi апыр-ау.
Күн көзiнен ерiп кеттi тас бүгiн,
Өтер кезi елу емес жас күнiм.
Өз орныңа
қайтып кел деп қайтадан,
Жалынады Ақ үйдегi бастығым.
Ауыл болып бөлiнбестен жарасып,
Бiр-бiрiне iлтипатпен қарасып,
Мен туралы
мақалалар жазады,
Мағауин мен Әбiш ағам таласып.
Ертеңiне басталады ақ сапар,
Нан, тұзымен қарсы алады көп шаһар.
Қос ат жегiп
хор қызымен баратам,
Көз алдымда қылаулайды ақша қар.
Содан кейiн мұхит асып шет кеттiм,
Ғарыш кезiп,
айды айналып, көкке өттiм.
Париждегi
он бес қабат ғаламат,
Ауласында ең атақты мектептiң.
Гүл ұсынған ортасынан топырдың,
Әрең шығып жанына кеп шопырдың.
Естi жисам...
әйелiм тұр ашулы,
Үйiмде мен жалғыз iшiп отырмын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әдеби орта

  • 0
  • 0

Бұл орта біздің шеттеткен топ боп ірісін,
Айтқым келмейді, айтпаймын оны құрысын.
Байқап жүр бала, аңқылдай берме мен құсап,
Сұқ көзден таса қалмайды жүріс-тұрысың.

Толық

Саттар Ерубаевты еске алу

  • 0
  • 0

Мәңгiлiк орын алып тұрсың көктен,
Жырларың жүректердi дүрсiлдеткен.
Мен саған мәрмәр тастан белгi қойдым,
Көкем-ай, жиырма үшiнде қыршын кеткен.

Толық

Сәуір де өтер

  • 1
  • 0

Сәуір тәуір болмады биылғы бұл,
Сағағынан дір етіп қыйылды гүл.
Долы дауыл бұтақты ала қашып,
Көкірегіме өзендер құйылды бір.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар