Өлең, жыр, ақындар

Туған жерден iздеп келген Айнұрдың

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 253
Туған жерден iздеп келген Айнұрдың,
Айдай сұлу жүзiн көрiп қайғырдым.
Жас аруды
қара өлеңге қимадым,
Жолдарында қалар екен қай жырдың.
Арпалыспен өткен асау тағдырым,
Алматының көшесiнде қаңғыдым.
Сағындым мен
Түркiстанның сол қызын,
Сағындым мен Бабайқорған жаңбырын.
Жырға ғашық қыратта өскен елiктiң,
Көздерiнен сәулелi ойлар көрiппiн.
Қалған ғұмыр
сол суреттi жырлайды,
Ләйладайын асыл туған көрiктiм.
Бiр күн тәттi,
өтiп жатқан бiр күннен,
Сол қызды ойлап алыс жақта жүрдiм мен.
Қырық жамау
жүрегiммен,
қалқам-ау,
Ең соңғы рет ғашық болып тұрмын мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген

  • 0
  • 0

Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген,
Сыр етіп сөзін айтпаған санада әлі піспеген.
Арғымақтары жарысқан аспанда ұшқан құспенен,
Қайран бабаларым ай!

Толық

Туған ауылда

  • 0
  • 0

Осы ауылдың бiр кезде өндiрi едiм,
Өткендi ойлап жан-жаққа телмiремiн.
Арманшыл ем, пәк едiм, алғаш рет,
Осы ауылда өлең боп мөлдiредiм.

Толық

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай

  • 0
  • 0

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай,
Жүрегiмнен төгiлген жаңбыр жырлар-ай.
Көзiмдi iлместен армандап бiрге,
Таң атқанша шертiлген мөлдiр сырлар-ай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар