Өлең, жыр, ақындар

Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 215
Қоштасар сәтте
махаббат жырын жырлаңдар,
Сөздер мен көзде қаншама нәзiк сырлар бар.
Қауышар қашан,
бiлмедiм,
ендi тамбурмен,
Перронда мынау шығарып салып тұрғандар.
«Хат жазшы»,–
дейдi дiрiлдеп үнi гүл-гүлiм,
Айтылмай қалды айтылар деген сыр бүгiн.
Ары да берi
жүргiншiлерден қысылған,
Ғашықтар мынау қия алмай тұрған бiр-бiрiн.
Ақша жүзiне жарасқан әсем ақ моншақ,
Тәкаппар ару қоштасар сәтте жасқаншақ.
Қымбатсың маған
қиыншылығыңмен сөз жетпес,
Қалтырап қолдар, береке бiзден қашқан шақ.
Оңтүстiк жақта пiскен жоқ уыз тұт әлi,
Қара баланың шыққан жоқ жеке кiтабы.
Түркiстан жақтан
жылжыған қою қара түн,
Абыр да сабыр поезды қазiр жұтады.
Шымкент жаққа келiп тұрыңыз, арай қыз,
Шығарып салып,
күтiп алуға жараймыз.
Кетедi поезд,
қалада мына қалғандар,
Еңсемiз түсiп үйдi-үйге сосын тараймыз.
Беймәлiм жаққа бастап жүр қазiр жыр менi,
Бейтаныс қыздың сүйкiмдi қандай күлгенi.
Елеусiз тұрған қара баланың,
алайда,
Ағыл да тегiл жырларын ешкiм бiлмедi.
Сонда да, аға,
бақытсыз жанмын демеспiн,
Тартады тәнi Қарашық пенен Келестiң.
Кетер ем мен де отырып мына поезға,
Алматы жақта күтпейдi бiрақ менi ешкiм.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау

  • 0
  • 0

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау,
Еңсені езді шемен болып қалған дау.
Ақылды боп көрінгім кеп тұрғанмен,
Сол баяғы Қасымың ем аңғалдау.

Толық

Әлішер

  • 0
  • 0

Біздің сапар... сапарларға жалғасқан,
Ырық бермей нарығыңа жармасқан.
Мың бір түннің миуа бағын бір көрдік,
Мың қазақтан артық туған нарқасқам.

Толық

Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген

  • 0
  • 0

Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген,
Сыр етіп сөзін айтпаған санада әлі піспеген.
Арғымақтары жарысқан аспанда ұшқан құспенен,
Қайран бабаларым ай!

Толық

Қарап көріңіз