Өлең, жыр, ақындар

Замандасым, сырласым

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 351
Замандасым,
сырласым,
мектептесiм,
Әрбiр сағат,
әр күнiң тек кетпесiн.
Қабылдаған
Қасымын Қазақстан,
Қасымханын бiлемiн шеттетпесiн.
Бiлемiн мен барлығын сезем бәрiн,
Көздеп жүрген бiл сен де межем барын.
Өзен барын
бiлем мен құмға сiңген,
Ертең үшiн, бәрiне төзем, жаным!
Тереземнiң ар жағы қысқы дала,
Асыр салған алаңсыз, тұсты қара.
Бiлте шамның
түбiнде көршi қызға,
Хат жазатын есiме түстi бала.
Алда деумен жүрiппiз көктемдерiм,
Әдемi бiр әуендей өткендерiм.
Өмiр деген
соқпақты жол бойында,
Қағысқандар, сендерге кектенбедiм.
Жүректердi тұрса да қыйнай күдiк,
Бақыт таптық үлкендi сыйлай бiлiп.
Көз алдымда
порттарда, перрондарда,
Қоштасқандар менiмен қимай тұрып.
Жаңа жауған жұп-жұмсақ ақ қардайын,
Менiң жолым жарқырап жатты әрдайым.
Ұлылықтан дәметтiм,
содан ба екен,
Жамбасыма төсегiм батты әрдайым.
Қарапайым күн кештiм өзгелердей,
Сұрағанын сыйладым, сөзге келмей.
Баспалардың есiгiн сирек қақтым,
Өсек айтып көргем жоқ езбелердей.
Өткен аман уақыттың елегiнен,
Пенделiктi жан едiм жеңе бiлген.
Жинағымды апарып жайсаңдарға,
Мен туралы жазыңыз демедiм мен.
Кiнәм болса өзiмдi ақтамадым,
Дәптердегi жыр болды сақтағаным.
Жазғыштарды журналда даттағам жоқ,
Дарындарды газетте мақтамадым.
Замандасым,
сырласым,
мектептесiм,
Әрбiр сағат, әрбiр күн, тек кетпесiн.
Қабылдаған Қасымын Қазақстан,
Қасымханын сеземiн шеттетпесiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматыға қар жауып тұр ақпанда

  • 0
  • 0

Алматыға қар жауып тұр ақпанда,
Жаңа ғана атқан мынау ақ таңда.
Алатауға қарап тұрдым балконнан,
Аппақ дүние сыр жасырып жатқанда.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Шайырлар сынды шығыстық
тойлар тойладым,
Тас пенен гүлден тұратын ғазалым менiң.
Жылдар да жылдар

Толық

Жебемеген жетiм менен жесiрдi

  • 0
  • 0

Жебемеген жетiм менен жесiрдi,
Өлеңшiлер аяспасқа бекiндi.
Жүрiп өткен иiр-қиыр жолдарым,
Менiң нәзiк ғұмырнамам секiлдi.

Толық

Қарап көріңіз