Өлең, жыр, ақындар

Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 374
Өтсін қанша көктем келіп, күз мейлі,
Ұлы дала бір үмітін үзбейді.
Ерте өткен менің асыл ағамды,
Тоқырауын толқындары іздейді.
Қайран Дәукем жанарыма жас келді,
Сүйдің сенде артыңа ерген жас төлді.
Арқа жақтан Серік досың келді іздеп,
Ұрпақтарың Алматыда ас берді.
Сый-сияпат көрмей кеткен асылым,
Өр көңілін бермей кеткен асылым.
Көше ақыны едің сенде аяулы,
Келе жатыр сенің нұрлы ғасырың.
Асыл ақын, ардақты ақын, дүр ақын,
Жыр мұнара соғу еді мұратың.
Сарыарқаның сары белінен асып кеп,
Қазақфильм ауданында тұратын.
Бал өмірді жүрегімен сүйгенмен,
Махаббаттың алауына күйгенмен.
Басқаратал жақта жатқан аруақтар,
Ақын ұлы өткен кезде күйзелген.
Сені іздейді жұлдыз аққан айлы аспан,
Айлы аспаннан мынау біздің қайғы асқан.
Қар жауып тұр көңіліндей Дәукеңнің,
Алматыда қар жауып тұр қоймастан.
Жүрегімде батпан-батпан жатыр мұң,
Алдымдағы ағаларға бас ұрдым.
Қар жауып тұр ұлы қазақ жеріне,
Көңіліндей Дәуітәлі ақынның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған ауылда

  • 0
  • 0

Осы ауылдың бiр кезде өндiрi едiм,
Өткендi ойлап жан-жаққа телмiремiн.
Арманшыл ем, пәк едiм, алғаш рет,
Осы ауылда өлең боп мөлдiредiм.

Толық

Суретші

  • 0
  • 0

Суретші Әбілқасым, Қасым, Қасым,
Көп жаман өсек айтып басынбасын.
Арындап шабатұғын жасыңдасың,
Қиналған сәтерімде қасымдасың.

Толық

Ана белең, мына сай, қыраттарды

  • 0
  • 0

Ана белең, мына сай, қыраттарды,
Жүрегіме, санама орап алғам.
Есіме сап ұмытқан мұраттарды,
Шыға келді жамырап солар алдан.

Толық

Қарап көріңіз