Өлең, жыр, ақындар

Құбылыс

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Алатаудың етегiнде
бiр қала бар ғажайып,
Ұлы ақындар сол шаһарда бара жатыр азайып.
Жыр оқитын
ортамызда тау суындай сарқырап,
Көрiнбейдi сол бiр ақын ақ дидары жарқырап.
Ал бүгiн ше,
сол Алматы, сол айқаспен, сол майдан,
Қалқып ұшқан қыраным-ай,
Ақшығанақ, Торғайдан.
Әр қайталап оқығанда,
әр жолыңнан сыр ұғам,
Қара өлеңнiң көшiндегi қайталанбас құбылам.
Бұл жалғанға екi келмес ер жiгiттiң сұлтаны,
Жауһарыңнан ғасырларға
шашырап тұр шұғылаң.
Пiр тұтып ең алдыңдағы
Ғафу, Сырбай, Қасымды,
Сағыныштан көздiң жасы
моншақ болып шашылды.
Ортамызда жыр оқыған сырахана баяғы,
Алматының көшесiнде көзiме оттай басылды.
Қыз-жiгiттер қол ұстасып
сауық-сайран құратын,
Есiне алып күрсiнгендей жұлдыз аққан мына
түн.
Сарыарқаның даласындай
жаратылған ерекше,
Абылай аспас сары белден,
асқан ақын, ұлы ақын.
Тұрады өмiр жауабы жоқ
неге мұңлы сұрақтан,
Алашыңа сендей тағы керек боп тұр бiр ақ таң.
Жан сырыңды
тыңдап кеше Мұқағали мұңайса,
Гауһар жырың қайта оқыған жас аруды жылатқан.
Өлеңiңнiң сырлы сазы
сан толқынды толқытқан,
Шыңыраудай тереңдiгiң
жауларыңды қорқытқан.
Тәнiңдi алып,
әнiңдi алып ұшақпенен қаңтарда,
Арқалыққа бiр қаралы ең соңғы рет жол шыққан.
Нәзiк жанды,
ерке мiнез,
бөлек бiтiм тектiм-ай,
Соңындағы екi ұлына мейiрiмiңдi төк құдай.
Артыңа ерген
бозбала едiм арасында тобырдың,
Табындырып, сағындырып тым ертерек кеттiң-ай.
Мынау елiң аңсады ғой,
шын сағынды даусыңды,
Қайран ақын
дәм-тұзың да неге ерте таусылды.
Қылшылдаған қырық екi жасқа толған
шағыңда,
Қасиеттi туған жердiң топырағы қаусырды.
Содан берi
жүрек сыздап көктем келiп, жаз өткен,
Құбылысты елемеген билiкке бар, наз, өкпем.
Он жетi жыл эфирлерден естiлмедi дауысың,
Он жетi жыл жаңа жырың көрiнбедi газеттен.
Шет-шегi жоқ,
сағым жүзген өнiп шығып өртеңнен,
Қызыл заман шылауында кеткендерден
жеркенген.
Есiн алып ескi белдер,
ескi ауыл, ескi сөз,
Ол ұлттың ақыны едi, өзегi ерте өртенген.
Есiме алсам
көкiрегiм қайғы-мұңға толатын,
Жазушылар одағына оралмады сол ақын.
Дала жырын аспандатып,
құбылыс боп тербеген,
Ол Кеңшiлiк Мырзабеков болатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бес саусағымдай Бесқалам

  • 0
  • 0

Бес саусағымдай Бесқалам,
бар екенсің ғой жарықтық,
Заманалардың өтінде,
Қан -қызыл болдық, тарықтық.

Толық

Ақын еді ол, Алтайға тартып туған

  • 0
  • 0

Еске алып досың жайлы толғанасың,
Жаныңда көптен бірге болмағасын.
Шілікті,
Шүршітсу мен Сарытұмсық,

Толық

Ескі мұң

  • 0
  • 0

Бүгiн тағы мазалады ескi мұң,
Ескi мұңнан ескi әуендер естiдiм.
Асау жылдар алдарқатты, алдыңда,
Айыбым мен күнәм болса кеш гүлiм.

Толық

Қарап көріңіз