Өлең, жыр, ақындар

Тамырлар

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 341
О, тамырлар!
Тереңдерге тармақ-тармақ жол салып,
Тереңдерден салмақ тартып соншалық,
Балбыратып Жер-ананың денесін,
Бар мәйегін,
Бар уызын емесің.
Қақыратып топырақтың көбесін,
Өркен жайып өнесің!
Құдіретіңе пар келмейді сендердің
Жұлқынысы
Таулардағы селдердің,
Бұлқынысы
Теңіздегі сеңдердің.
Қылдан нәзік талшықтардың бойынан
Ұлан-ғайыр ұлы күшті мен көрдім!
Тұңғиықта бұғып жатқан тамырлар,
Сендердегі тебіреніске таңым бар.
Балқытатын,
Шалқытатын жер бетін,
Бойларыңда лапылдаған жалын бар.
Тәлкегіне көніп қилы тағдырдың,
Аптаптарда өзегіңді талдырдың.
Еріндерің кеберсіді шөліркеп,
Таңдай тосып көз жасына жаңбырдың.
Ей, тамырлар!
Тарамыстай тармағың
Көтеріп тұр миллион жылдар салмағын.
Сенің балғын сабағыңа не жетсін
Тіршіліктің бойға жиған бар нәрін!..
Көктеп-өніп қаншама үміт, қанша арман,
Көктем сайын күн нұрына тамсанған,
Сендер жайлы жатқандай бір жыр толғап,
Көк ормандар күндіз-түні ән салған.
О, тамырлар!
Тереңдерде жатып-ақ,
Байқайсыңдар дүниені бақылап.
Байқай алмас айналасын кей кезде
Жел тербеген,
Селтеңдеген жапырақ...
Жалт-жұлт етіп жүзінде ойнап нұр жалын,
Жасыл бұтақ сызылтатын сырлы әнін,
Анда-санда есіне алса болғаны
Тамырлардан өсіп-өніп тұрғанын...

1976



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр әні

  • 0
  • 0

Сыйлар маған бақытын тағдыр әлі,
Көк аспаным жай атып, жаңғырады.
Жаңғырады –
Төгілер жаңбыр әні,

Толық

Бола бермес үнемі көздегенің

  • 0
  • 0

Бола бермес үнемі көздегенің,
Өмір әр кез істетер өз дегенін:
Кенеп болып шығады –
Қамқа десең,

Толық

Көңіліңе түсіп боқырау

  • 0
  • 0

Көңіліңе түсіп боқырау,
Жүдетсе желі сан жылдың,
Әніме менің осынау
Жұбанып, сонда сал, құрбым.

Толық

Қарап көріңіз