Өлең, жыр, ақындар

Ойға батып...

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 464
Білем де тірліктің бір тоқырарын,
Опынып ойға батып отырамын;
Қойылар қандай күйде құлпытасым,
Бұйырар қай қиырдан топырағым?
Туған жер, қол ұшын бер сонда маған,
Батпасын десең егер сорға балаң.
Қайырың көпке тиген қадірлі едің,
Табарсың бір қолғанат кең даладан.
Құйыннан, не дауылдан жерді ораған,
Бораннан, не жауыннан сорғалаған,
Ұшқан құс, не жәндіктен жорғалаған
Бір шымшым топырағыңды жолда маған...

1976



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анаңнан айналайын

  • 0
  • 0

Дүниеге келген жансың, Мұхамеджан,
Жусанды Сарыарқада жұпар атқан.
Кең дала кескен сенің кіндігіңді,
Байжігіт, Тәттімбет пен Тоқа жатқан!

Толық

Көзіңде тұнса тамшы жас...

  • 0
  • 0

Қайық боп суға түстің де,
Кеме боп тарттың жағаға.
Тулаған толқын үстінде
Талайды көрдің, жан аға!

Толық

Қоңыр мұң

  • 0
  • 0

Досым-ау,
Келіп кеттің бүгін маған,
Табады аңсағанын түбінде адам.
Үніңді іздедім ғой айналамнан

Толық

Қарап көріңіз