Өлең, жыр, ақындар

Жастық

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 692
Алдан күтер әркімді бір бақыт бар,
Аяңменен жүруге бұл уақыт тар.
Жастық – тұлпар ұстатпас қолдан шықса,
Тақымыңа тигенде зырлатып қал!
Алдан күтер әркімді бір бақыт бар,
Алаңдамай жүруге бұл уақыт тар.
Жастық – шешен домбыра күмбірлеген,
Мезгілінде халқыңа тыңдатып қал!
Алдаспанның жүзіндей жалтылдаған,
Қанатындай көктемнің жарқылдаған,
Жастық – албырт ақындық асау қанды,
Оттан, судан, дауылдан тартынбаған.
Жастық – мәңгі ерліктің серігіндей,
Серігіндей, қыздырар көрігіндей.
Танығысы келсе өмір, ең алдымен
Жастығыңды таниды, сені білмей.
Бойға жинап бар қайрат, бар асылды,
Жастық қанша тынымсыз аласұрды.
Жастығымен тіршілік қымбат бізге,
Жастығымен дүние жарасымды.
Жастық – жалын тұратын күндей жанып,
Күйгеніңді жүрмегей білмей қалып.
Асыл болсаң,
Шығасың шарболат боп,
Масыл болсаң,
Кетесің күлге айналып.
Ешбір күнді жеңіссіз батырмайтын,
Ешбір таңды жеңіссіз атырмайтын,
Жастық керек
Ерліктен жай түсіріп,
Найзағай боп намысың шатырлайтын!..

1979



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күнге қарай ұшыңдар

  • 0
  • 0

Үшеуің иесі боп үш кеменің,
Үш жаққа тартасыңдар, үш бөбегім.
Қайсысың қай қиырда жүресіңдер –
Көз жетпес ұшығына ештеңенің.

Толық

Неге, жаным, іздеп келмедің?

  • 0
  • 0

Асыр салып мөлдіреген балбұлақ,
Қызғалдақтар құлпырғанда албырап,
Жүрек сені жоқтағанда зар жылап,
Неге, жаным, іздеп келмедің?

Толық

Наурыз жыры

  • 0
  • 0

Наурызым –
Сары уызым,
Жүдеп едік сен кетіп;
Қайта келдің,

Толық

Қарап көріңіз