Өлең, жыр, ақындар

Көңіл дауылы

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 407
Қарап тұр ем бір күні белге шығып,
Қаңбақтарды барады жел көшіріп.
Жел айдаған қаңбақтай кім көшпейді
Әурелесе аз күнгі пендешілік?
Мына желдің сұсты еді сұрқы қандай,
Жағаңнан ап табанда жұлқылардай.
Аспан астын жел керіп бара жатыр,
Сәлден кейін дар етіп жыртылардай.
Сілкілейді тоғайдың шаңын қағып,
Бұғып отыр құс біткен жанын бағып.
Құйын билеп үстінде қара жолдың,
Желкілдейді бурадай сан ырғалып.
Екіленіп, еліріп, барады үдеп,
Шыға келді бір сәтте дала жүдеп.
Міз бақпайды меңіреу жартас қана,
Бетке соққан дауылдан хабары жоқ.
Үйіреді бұлттарды орамалдай,
Зытты бәрі артына орала алмай.
Алабұртқан аспаның айығар ма
Анда-санда осылай борап алмай?

1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табалдырық

  • 0
  • 0

Халқыма қадірменді табалдырық!
Тұрасың әр уақытта алаң қылып.
Үлкендер «Баспа!» дейді,
Аттап өтем,

Толық

Қазағым менің

  • 0
  • 0

Қалың елім – қазағым менің,
Қаным да сенсің, жаным да сенсің менің.
Маңдайыма тағдыр сыйлаған,
Ғажабым сенсің, азабым сенсің менің!

Толық

Қаракерей Қабанбай

  • 0
  • 0

Күн туса ел басына әлде қандай,
Атойлап атқа қонған ер Қабанбай.
Жаратып Тәңір өзі жаннан бөлек,
Сүйегін шар болаттан сомдағандай!

Толық

Қарап көріңіз