Өлең, жыр, ақындар

Кеңістікке қол созып...

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 388
Тағы да тербет мені, бесік-күндер,
Елеңдеп күтудемін –
Кешіктіңдер.
Сендерден дәмеленіп жүргенімде
Кеткенін көрдіңдер ме көшіп кімдер?
Сағынып сарғайғанда жалғыз-жарым,
Оралып соқпадыңдар, балғындарым.
Көз жетті, маған мойын бұрмайсыңдар,
Тек қана көкіректе қалды ырғағың.
Сөйлесем көрген жерім жоқ қысылып,
Ащы да тәтті тілден кетті шығып.
Одан да самұрық құсап аңыздағы,
Жөн бе еді әкетсеңдер көкке ұшырып?
Қаперсіз қалқып жүрсем кеңістікте,
Ойыма кірмей ұрыс-керіс – түк те.
Жұлдыздай жайбарақат аға берсем,
Өрі жоқ, еңісі жоқ – тегістікте.
Сырлас боп, бесік-күндер, сеністік пе?
Қалжыңдап қолым создым кеңістікке.
Не жетсін жерімдегі жалғыз сәтке,
Сенбеңдер қиялыма, келістік пе?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қожанасыр әулиедей

  • 0
  • 0

Тірлігімді талатпаққа екі өкпесін зар қысқан,
Босағама қабаған ит байлап кетті сан дұшпан.
Сыртқа шықсам алдарқатып сүйек­саяқ тастаймын,
Мысық пенен тышқандаймыз күндіз­түні аңдысқан.

Толық

Батырдың ұрпағысың

  • 0
  • 0

Тіршілік шығармайды төрге бірден,
Жетілген азаматсың еңбегіңмен.
Ту тіктің елу бестің белесіне,
Кеудеңді биік ұстап өр көңілмен.

Толық

Қызыл алма – қыздар-ай!

  • 0
  • 0

Жүрегімді жандырған,
Өзегімді талдырған,
Ақыл-естен тандырған,
Шіркін, қыздар-ай!

Толық

Қарап көріңіз