Өлең, жыр, ақындар

Үмітім елес бермей...

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 448
Тоқтатар қайда едің сен, сүйікті жан,
Көңілдің көк дауылын ұйытқыған?!
Отырмын саған барар жол таба алмай,
Орап ап алды-артымды тұйық тұман.
Бүркенді боз қырауын арман-шынар,
Сілкінсе, салмағынан жан жаншылар.
Келсеңші, жүрегіңнің түкпірінде
Бірдеңе бізге деген қалған шығар.
Өтер күн...
Болмас, сірә, ол кімге елес,
Сендірмес,
Тағы саған сендім демес.
Міз бақпас – тау қозғалмас, жел де үндемес,
Сен осы кеттің бе ерте,
Келдің бе кеш?
Үмітім елес бермей сонша күткен,
Отырмын түнгі ормандай томсарып мен.
Жанымды жан ұға алмас жұмбақ күйде,
Жасырын әлденені аңсап іштен.
Жүйріктей жолы болмай шаңда қалған,
Оранса ақ көбікке саңлақ арман,
Біртіндеп қыран-көңіл жерге түсер,
Бір кезде биігінен самғап алған.
Бұл жастық кімге мекен, кімге тұрақ,
Тартарсың тізгініңді бір тоқырап.
Жүректің құпиясы жасырылмас,
Жүзіңді жасырса да сұр топырақ.

1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мамырға тілек

  • 0
  • 0

Келдің бе, ерке сұлу мамыр айым,
Жайнатып күн келбетін, таң райын.
Жуынып жаңа көктем жаңбырымен,
Жап-жасыл жапырағыңды жамылайын.

Толық

Жеңеше

  • 0
  • 0

Кездерімде сәл жүдеген,
Бір өзіңді аңсадым.
Шаршап келсем, елжіреген
Жүрегіңді аңсадым.

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңінен жаралдым.

Толық

Қарап көріңіз