Өлең, жыр, ақындар

Мінәжат

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 975
Күңгірт тартқан көңілімді жарқыратшы, періштем,
Таңның алтын шапағындай тазарайын мен іштен.
Қайғырмайын, сараң тұрмыс қақсын мейлі шөміштен,
Қай мұратқа жеткізеді ессіз тойып, жеп-ішкен?
Рухымның падишасы, тұла бойың тұнған нұр,
Парасаттың мейіріміне шөлдегенде бір қандыр.
Жаным менің жаратылған сенің сиқыр сәулеңнен,
Тылсым төрін тынбай шарлап, фәни мұңын жырлап жүр.
Ұшып-қонсам кінәлама орын таппай өмірден,
Көбелекпін нәзік гүлдей өз қанатын кемірген.
Пәле-жала ұшығынан сәбиіңдей сақтай гөр,
Рахаттың бесігінде рақымыңа семірген.
Өзің ғана сырын ұғар елес қуған кезбенің,
Өлсем, көрден тұрғызатын құдіретім – сөз менің.
Ей, періштем, көрінбесең есігінен пейіштің,
Бұлдыр үміт көлеңкесі үйіреді көзге мұң...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көр іші – қара қобыз

  • 0
  • 0

Тірліктің тұраласа кер шолағы,
Көңілге қай­-қайдағы шер толады.
Арманды адам қуып жеткен емес,
Қырандай қос қанатың болса-дағы.

Толық

Алдай сал

  • 0
  • 0

Сарсаңға салған сұм жалған,
Болмады дейсің кімге арман?
Күрсінер күзгі жапырақ,
Бүршікті көрсе бүр жарған.

Толық

Екеуі бірге жырлап...

  • 0
  • 0

Болыпты елу жылдай, алтын ағам,
Жеңгеме қосылғалы жарқыраған.
Қаншама содан бері күндер ақты,
Бұлақтай таудан төмен сарқыраған.

Толық

Қарап көріңіз