Өлең, жыр, ақындар

Жылдар өтті

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 490
Жылдар өтті нәзік сәуле іздеумен,
Күле қарап, ызғар шашқан жүздерден.
Мұз таулардың қойнауындай сіресіп,
Қалды менің қырау шалған мұз­кеудем.
Маған ғана тұрғандай­ақ күн қызбай,
Қалтырайды бақшамдағы гүл мұздай.
Кірпігіме қатып калды байланып,
Мұз тамшылар кіп­кішкентай жұлдыздай.
Шақырғандай борандатқан өлімді,
Ойым онға, санам санға бөлінді.
Бір сұлуды өліп­өшіп сүйіп ем,
Оның да ерні мұздай суық көрінді.
Кешір, мені құрсаулаған мұз­әлем,
Өмір сүрсем саған деген ызамен.
Ең болмаса жүрегімді суытпа,
Бауырыңа жеткен кезде біз әрең!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара тастан ұн тартып

  • 0
  • 0

Өлеңімнің жолын жапты, дөңбек тастап әлдекім,
Тоған бұзар тасқын сөзім бұлқынады ал менің.
Тағдырымның кіріптар ғып қойғанын­ай тақысқа,
Тақуадай тұқырайған астындағы сәлденің.

Толық

Көрдім сені түсімде

  • 0
  • 0

Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде,
Тұр екенсің қызыл жалын ішінде.
Маған қарап қабағыңды сәл шыттың,
Әлденеге өкпелеген пішінде.

Толық

Мұхтар мен Абыз

  • 0
  • 0

Ақ домбыра, еңіре, қара қобыз, күңірен,
Аш күзендей бүгілем, алдыңа кеп жүгінем.
Алтын сақам үйірген алшы тұрмай тігінен,
Тайқып барып тәйкесі, жатып қалды бүгінен.

Толық

Қарап көріңіз