Өлең, жыр, ақындар

Алланың жүзі ғана

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 432
Пенденің қарекеті тұрмыстағы –
Аумаған тасбақаның тырмысқаны.
Алдыңда дайын тұрар қайда барсаң,
Терінің сен илейтін бір пұшпағы.
Қашпайды ырыздығың бұйырған бір,
Пұшпақтың қолға тиген иін қандыр.
Ойлама толастамас, тоқтамас деп,
Төбеңнен көк нөсердей құйылған нұр.
Дәуренің алтын емес тозбайтұғын,
Шоқ емес үрлей берсең қоздайтұғын.
Күлкіден көбік шашқан көңілге де
Кез келер күзгі желдей боздайтұғын.
Тірлік жоқ күн мен түндей алмаспайтын,
Пәле жоқ жердегіге жармаспайтын.
Көктегі ғайып құсы төмен түспес,
Алланың жүзі ғана шаң баспайтын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірімді қияр едім

  • 0
  • 0

Ұсынар ем жүрегімді мен саған,
Оты сөнген сорлы жүрек мұп­мұздай.
Көңіл түбі жарық сәуле аңсаған,
Қара түнде үңірейген тік құздай.

Толық

Көкек қары

  • 0
  • 0

Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?
Барады қозғау салып мынау маған.
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға,
Басында будақ бұлттар мың аунаған.

Толық

Орта жолға жеткенде

  • 0
  • 0

Сен де елуге, Бақтыбай, келіп қапсың байқамай,
Елуінде жігітті шырмап алар ой талай.
Орта жолға жеткенде өткен ізді түгендеп,
Көңілдегі бола ма көк теңізді шайқамай?

Толық

Қарап көріңіз