Өлең, жыр, ақындар

Көңіл түбі қараңғы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Лезде лаулап жанатындай,
Жаным менің төкті зар.
Үлбіреген қанатындай
Көбелектің от құмар.
Жаға алмадым – жазық менде –
Жүрегіңе шамшырақ.
Төгілмесе нәзік сәуле,
Таң көзінен тамшылап.
Торығасың тотықұстай,
Тар қапаста қамаулы.
Қаңыраған бос ыдыстай,
Көңіл түбі қараңғы.
Омырауды шаң қаппасын,
Жолға шықсам, медет бер.
Қалбаңдаған қаңбақ­басым
Енді қайда дедектер?
Ұшқанменен бұлтарып сан,
Өртенеді көбелек.
Құтқармаса бұл тамұқтан,
Сенің нұрың себелеп.
Басқа түскен теперіштен
Құтқаратын құдай бар.
Мендей болып, уа, періштем,
Жанған отпен кім ойнар?!
Жеттім десе, соған күлем,
Біреу егер бақытқа.
Сұрап келші, ең алдымен,
Сордың дәмін татып па?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән-шашу

  • 0
  • 0

Домбырамды алайын,
Қанат қағайын!
Шырқап әнге салайын,
Тыңда, ағайын!

Толық

Емшек емер бала емен

  • 0
  • 0

Емшек емер бала емен,
Тартып міндім ат жалын.
Найза сабы – қара емен,
Қарпып ұстар шақтамын.

Толық

Кіндік жыры

  • 0
  • 0

Жұрнағым бар там-тұмдаған,
Тірлігім бар қалтылдаған.
Қылдан нәзік,
Күн нұрындай

Толық

Қарап көріңіз