Өлең, жыр, ақындар

Шөл

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 440
Таң атқалы мүлгиді аспан желдетпей,
Төңірегім тұншығады дем жетпей.
Көксау бұлттар күрік­күрік жөтеліп,
Сен де көкте тұрып алдың селдетпей.
Найзағайдан жарқылдаған от сөнбей,
Ой­хой, бұлттар, төгіп­төгіп өтсең ғой.
Жер мен көкті тазартып бір кетсең ғой,
Беу, дүние, менде құдірет жоқ сендей.
Жаумай неге қасарыстың, қырсықтың,
Көппен бірге мен де бүгін тұншықтым.
Білемісің, керек боп тұр бір тамшы
Таңдайына шөліркеген шымшықтың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бола бермес үнемі көздегенің

  • 0
  • 0

Бола бермес үнемі көздегенің,
Өмір әр кез істетер өз дегенін:
Кенеп болып шығады –
Қамқа десең,

Толық

Басымнан қымбат сөз құны

  • 0
  • 0

Жалынын кешіп жас шақтың,
Дос таптым талай, қас таптым.
Алыстан көзге шалындым,
Маңдайы құсап қасқа аттың.

Толық

Сапекем

  • 0
  • 0

«Сапеке» деп сыйлаушы еді ел-жұртың,
Ортамызда сияқты едің сен бір шың.
Қарағайдай қатар тұрған сап түзеп,
Қайран қарттар тартып кетті-ау селдір тым.

Толық

Қарап көріңіз