Өлең, жыр, ақындар

Зуылдап жеткізбейсің

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 475
Зуылдап жеткізбейсің, желмая күн,
Ентелеп қуа­қуа талды аяғым.
Өкпелеп қашып бара жатқандайсың,
Япыр­ау, сенен осы немді аядым?
Қашанда қуған – қиын, қашқан – оңай,
Ізіңнің адастыра бастағаны­ай!
Елітіп елесіңе қала берем,
Тәттіге алдарқанған жас баладай.
Соны ойлап мұңданамын, қайғыланам,
Жазықты болдым саған қай күнәдан?
Қисынсыз қолқа салған жерім бар ма,
Әпер деп аспандағы айды маған?
Жүйрік күн, жүйтки берсең, өтер заман,
Қызығым осы көрген жетер маған.
Әйтеуір мұратына елім жетсін,
Болайын мен­ақ саған жете алмаған.
Уақыттың көре алар ма пенде түбін,
Шолғанмен шартарабын жер бетінің.
Басымды баспалдақ қып төсер едім,
Толса егер соныменен кем­кетігің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шығармас отан мәңгі естен

  • 0
  • 0

Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Жібітпес ақын жыры да,
Ерітпес күннің нұры да

Толық

Қора толды...

  • 0
  • 0

Қора толды шартық пенен шатаға,
Қыста туған арамзаны атама!
Қотан жұтап – қозы ермеді саулыққа,
Қошқар біткен қырылғандай, о, тоба!

Толық

Қарағандыда

  • 0
  • 0

Қарағанды – таусылмас көмір кені,
Жазылмаған жыр едің көңілдегі.
Қазынаңа қиырдан бүлкілдеді
Талай­талай тажалдың кеңірдегі.

Толық

Қарап көріңіз