Өлең, жыр, ақындар

Зайсан жағасында

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Айбек­ау, Зайсан деген көл осы ма,
Маңырақ, Сайқан деген жер осы ма?
Бұл маңда бабаларым жатқан шығар,
Белгісіз дұға оқиын моласына.
Зайсанның толқын ұрмай жағасына,
Түсер ме асау көңіл сабасына?
Баласы тағзым етсе жараспай ма
Баяғы өтіп кеткен бабасына.
Жанымның тұз сепкендей жарасына,
Шорғаның қарай берем даласына.
Тамыздың тамылжыған ыстығында
Аңыздың кіріп кеттім арасына...
Ерлігі бабалардың жүр ауызда,
Қанықпын қаршадайдан бұл аңызға.
Зайсанның толқындары өкпелемес,
Ауылға аттың басын бұрамыз ба?
Емес пе алтын қазық ауыл деген,
Бауырды табыстырған бауырменен.
Ақынның аласұрған мінезі ғой,
Азырақ арпалыссам дауылменен.
Ұйтқыса көбелектей жел барында,
Ақынның еркелігін сен қабылда.
Армансыз алайын бір аунап­қунап,
Келгенше кім бар, кім жоқ енді ауылға?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бөрітостаған

  • 0
  • 0

Бөрітостаған, Бөрітостаған,
Жұмбағыңды айтшы, кәрі тас, маған.
Таңырқасын деп жердегі пенде,
Аспаннан, бәлкім, пері тастаған.

Толық

Бозбала күндер

  • 0
  • 0

Бозбала күндер менен жеріген,
Көрген бір қызық түс екен.
Айналып ұшып төбемде жүрген
Қызылды­жасыл құс екен.

Толық

Сұңқар ақын

  • 0
  • 0

Жырлары ғасырларға жалғасатын,
Тудырған ақындарды ел жасасын!
Жасыңнан поэзия аспанында
Жасындай жарқылдады Олжас атың!

Толық

Қарап көріңіз