Өлең, жыр, ақындар

Дегелең

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Қарайып сонадайда тұр Дегелең...
– Ойпыр­ай, сұмдық еді бұл не деген?
Қасына аяқ басып бара алмайсың,
Жеріңді осы емес пе түрмелеген?
Байқашы, безіп кеткен құс баласы,
Суында балық бар ма, түс, қарашы!..
Шағанның жағасында шырқ айналып,
Бойына тарамай тұр ішкен асы.
Ағаның тілегімен зыр жүгіріп,
Қарадым ойдым­ойдым суға үңіліп.
Тұнық су телміреді тірлігі жоқ,
Түңілдім түбіндегі сырды ұғынып.
Буып тұр бір қасірет бар тынысты,
Құсы жоқ аспан қандай қорқынышты?
Күрсініп көздеріне жас алды да,
Екі ағам тостағанды сарқып ішті.
Дегелең күйіп кеткен жана­жана,
Тозақтан шыққандай бір жаңа ғана.
Екі ұлы Дегелеңнің мөлтеңдейді
Тауға да, өзенге де, далаға да.
Аһ ұрып, азап тартқан тау­тасына,
Батып тұр ауыр салмақ арқасына.
Кетердей Дегелеңмен бірге шөгіп,
Екеуі алып мені ортасына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақмола шайқасы

  • 0
  • 0

Төңкерген әлдеқашан тайқазанды,
Япыр­ай, айтсам екен қай заманды?
Мияулап тарғыл мысық секілденіп,
Алады ұйқы бермей ой мазамды.

Толық

Тарпаңнан туған құлындай

  • 0
  • 0

Ел үшін соғып жүрегі, ел үшін талса білегі,
Жігітті өрге жетелер, көтерер көптің тілегі.
Тарпаңнан туған құлындай даланың арда түлегі,
Алқалы топтың туындай абыройың аспан тіреді.

Толық

Аядым

  • 0
  • 0

Қара тайым тым жүрдек,
Желе аяңдап басады.
Тартсам дағы тізгіндеп,
Бой бермейді басы әлі.

Толық

Қарап көріңіз