Өлең, жыр, ақындар

Тамшыдай-ақ...

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 312
Кең даланы кесіп өтіп жол жатыр,
Қалың зират – үнсіз қала жонда тұр.
Қара жолда көп жыл жортқан жолаушы,
Сол шаһарға тұрақтауға келді ақыр.
Тұрғындарын кезегімен қабылдап,
Өлі қала жата берер дамылдап.
Оянбайды жер­бесікке түскендер,
Құлағының түбіне кеп дабыл қақ.
Тіл қатпайды тылсым дүние, мәңгі үнсіз,
Бұл арадан өте алмайсың сәл мұңсыз.
Ұшан­теңіз ұлы ұйқының қасында
Ояу күнің тамшыдай­ақ мардымсыз.
Дүние жинап бір бес күндік елеске,
Алданады пенде көңілі – нәресте.
Сапар шегіп түбінде осы қалаға,
Соқа басың келетінін ал еске...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Найзағай

  • 0
  • 0

Жарық дүние қымбат қой жан біткенге,
Жәндік екеш жан тәтті жәдіктерге.
Ғұмыр керек күллі бұл табиғатқа:
Барлық орман,

Толық

Жауын жуса жүрегімді

  • 0
  • 0

Ала бұлттан аспаным ашылғанда,
Мына әлемге алтын нұр шашылғанда,
Асқарыма алтын нұр асылғанда
Асыл арман ешкімге бас ұрған ба!

Толық

Кіндік жыры

  • 0
  • 0

Жұрнағым бар там-тұмдаған,
Тірлігім бар қалтылдаған.
Қылдан нәзік,
Күн нұрындай

Толық

Қарап көріңіз