Өлең, жыр, ақындар

Қарын болса... қарынға тойған міндет

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 295
Қарын болса... қарынға тойған міндет.
Қайтер едім жазуды қойған күнде?
Қайда барсам әйтеуір орман көрем,
орман көрсем кетеді ойланғым кеп.
Жалаң қылыш-бұлақтар... жатқан гүлдеп
жайлауымды көрем деп аттандым көп.
Қайда барсам әйтеуір тауды көрем,
тауды көрсем кетеді мақтанғым кеп.
Ойлар, ойлар, ал жүдет, аздыр мені!
Нені іздедім, білмеймін, қаздым нені.
Қоңыр дәптер, алдымнан сені көрем,
сені көрсем кетеді жазғым келіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тепе-тең

  • 0
  • 0

Ей, Алатау, саған бұл
не болды жер бауырлап?
Бұлты қонып ғаламның
жатырмысың ауырлап?!

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

… Келеді өмір әрі ұқтырып, әрі үғып,
Ұқтырудың, ұғудың да бәрі – үміт.
Күлу менен қуану жас мәңгіге,
Қайдан келсін біздің жерге кәрілік!

Толық

Сарыжайлау

  • 0
  • 0

Басталды күй бір ырғалып,
Күйші отырды «кел де келге».
Күлсе қыздар жымың қағып,
Күй қайтеді жеңбегенде!

Толық

Қарап көріңіз