Өлең, жыр, ақындар

Сыр

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Еш кесірлік көрмесімді біліп ем
жаһан толы жақсылардың бірінен.
Мені шалса — лас аяқ шалып жүр,
мен сүрінсем — жамандарға сүрінем.
Тартысуға уақытым аз, аз әлім,
жырды бірақ қуатты ғып жазамын...
Жамандықты жасайды екен жамандар,
жақсылар тек тартады екен азабын.
Жаман ойға үйреткен жоқ мені ешкім,
сыртын көріп — сұлу жақсы деп өстім.
Жақсы сөзді жаман қалай айтады? —
ақ осыны түсіне алар емеспін.
Ашық сөйлер қайрат берген маған да
Ар, жағдайым жоқ жағып-бұғып амалдар.
Туып біткен жоқ қой өлі жақсылар?!
Құрып біткен жоқ қой әлі жамандар?!
Жамандық та ауру шығар, мен емін
таба алмадым.
Әлі адасып келемін.
Мен ешкіммен күреспедім,
күрессе
менің үшін күреседі Өлеңім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмсамаңдар, достарым, дәрігерге

  • 0
  • 0

Жұмсамаңдар, достарым, дәрігерге,
танысқанмын дәрінің бәрімен де.
Дала деген докторға көрінейін,
емделейін одан да барып елге.

Толық

Көремісің, көз?

  • 0
  • 0

..Жібек бұлақ желкілдейді, бар ағы
Кәрі әжемнің шаштарындай жаңағы;
Тасты шашып, тау құлағын жарады,
Көлки құлап, толқын ұзап барады.

Толық

Дала

  • 0
  • 0

Дала, дала, сайран дала, сал-дала,
Кейде саған қараймын мен таңдана.
Көз тігейін көкжиектен әрірек –
Дала, дала сағымыңмен алдама.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар