Өлең, жыр, ақындар

Көк түс

  • 26.09.2021
  • 0
  • 2
  • 2107
Көктемгі жер бояуы да көк қой деп,
көлеңдетіп киіп едің көк көйлек.
Көл-дүниеден көкті ғана білуші ең,
кетер болсаң — көк зәріңді төкпей кет.
Көктем еді-ау, көктем еді, дүбірлі
көк бұлақтар көгал кезіп жүгірді.
Көк кіреуке көзді айналған күндері
көгіс тілің көк төбетпен бір үрді.
Көктемде көкек құсап көк, көк деп
көк уыңды, сөйлер болдың, төкпектеп.
Күте-күте, қуа-қуа көк түсті
кеттің білем, ақырында, көк бет боп.
Көктем өтті, жаз да кетті, күз жетті,
енді әр мезгіл өз бояуын іздетті.
Ал, сен болсаң — баяғы сол көк, көк, көк
көк тіліңнен көк сөздерді төк, төк, төк!



Пікірлер (2)

Сәуле

Өлең өте ұнайды,астарлы!Ақынның табиғат түстеріне арналған топтамасын қайталап оқып отырған жақсы.

Сәуле

Ақынның табиғат түстеріне арналған өлеңдерінің астары терең!Қайталап оқып отырғанды ұнатамын!

Пікір қалдырыңыз

Өтініш

  • 0
  • 0

Көп кеңеске қатыстырма мені осы —
кітабымды бітірейін келесі.
Бір "қалқамен" үлгергем жоқ қыдырып,
бір есерге қарыз ем бір жұдырық.

Толық

Қағаз тірлік

  • 0
  • 0

Жер хақында сыр күттік Айдан әлі;
Тыныштық деп газеттер майдалады.
Қағаз-бомба бұрқ етіп жүр жарылып,
жүріп жатқан сықылды майдан әлі.

Толық

Заттар, сырлар, жырлар

  • 0
  • 0

Әр күн сайын қағылады мың шегең,
Мың шегеде – бір балғаның салмағы.
Мен де өзімше бір балуан, бір шебер,
Әкел, бермен дос тонналық балғаны!

Толық

Қарап көріңіз