Өлең, жыр, ақындар

Шегініс

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 386
Қошалақ құм маңдайында Күн тұрды,
қабағында сенің жұмбақ мұң тұрды —
Сол екеуін салыстырып қарап ем,
жаным менің үркіп қалды бір түрлі.
Қошалақ тау қабағында бұлт тұрды —
біздің үйге бұлттай мұңды жұрт кірді.
Мақалдады сақалдары ауылдың —
көздің жасын кірлі жеңмен сүрттірді.
Ол бір күндер құмды өңірдің бар малын
сен бағатын секілді едің.
зарладың:
дала — шексіз,
бала — қыңыр,
мал — асау,
бәрін қосып "жетімек" деп қарғадың.
Маған, маған...
бауырында кешкі бұлттың
өз атыңды неге ғана естірттің?!
Қамқор түрлі...
қорлық түрлі, түрлі адам —
сабақ болды дей алмаймын бұл маған.
Жесірлігің бұлдасаң сен,
мен де, анам,
"жетім" дегенді естідім деп бұлданам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкайдай

  • 0
  • 0

Ән болса егер — естілсін деп алыстан,
алысқа арнап ән шығарған данышпан
Мұхит аға арман қуып бір арлан
асқақ әнін ат үстінде шығарған.

Толық

Ант

  • 0
  • 0

Көрші үйде сол бала болды,
Қасқа бір:
Білмеуші еді төбелестен басқаны.
Төбелесіп таныстық біз.

Толық

Көршіміз бен «қабаған ит»

  • 0
  • 0

Иә, бұл төбет қой, көк төбет,
Мойнына көп салды шынжыр дақ.
Көрген жоқ өмірге ол өкпелеп,
Шынжыры тұрсын тек сыңғырлап!

Толық

Қарап көріңіз