Өлең, жыр, ақындар

Дала

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Құйын біткен адасып жүр далада.
Тастар — шұбар,
сайлар — ирек,
дөң — ала;
құм қаңбағы, ал, домала, домала!
Дене сөніп табылғанша моладан
"адам басы қаңбақ" дейді көп адам.
Бәзбіреулер "доп" деседі жаңартып —
жайлы тиіп жатқан тірлік жоқ одан.
Мен — қазақпын,
сайда бықсып жұрты қап,
көшкен ел ем,
енді таптым бір тұрақ.
Бірақ әлі қызығамын құйынға,
құйынды ойлар ұйтқығанда миымда.
Кең пиғылдар кернегенде кеудемді
глобусқа үңілемін мен де енді:
аяп кетем, аяп кетем сонда анау
қаласы көп, даласы жоқ елдерді.
Неру — нағыз жігіт екен!
Ерте өліп
өкіндірер ерлер жайын шертелік:
Күлі — Үнді топырағына сіңді оның
елге деген махаббаттан өртеніп.
"Әу" десем үн — тауға ұрды да, жаңғырық
ытқып келіп маңдайымды қалды ұрып..
Мен — далама сіңіп кеткім келеді
кейде осынау жаңғырықтай қаңғырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құм елі

  • 0
  • 0

Адамы ояу,
Құм болатын ұйықтаушы,
Өрістес кеп малын түстеп үйренген
ең бір жақын көрші атанған үйлерден

Толық

Әттеген-ай

  • 0
  • 0

Жыламсырап тұрып едің, тал-түсте
мені тағы сендіріп ең нан тістеп.
Күн астынан жел жүгірді бір ыстық —
арамызға сөз жүгірді — ұрыстық.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Сенде өткен әрбір күнім сайран маған,
Сайран керек асауға байланбаған.
Суырсаң қынабыңнан қылышыңмын,
Балтаңмын тот баспаған, қайралмаған.

Толық

Қарап көріңіз