Өлең, жыр, ақындар

Ақын

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 450
Қып-қызыл бұлт қонды да тау басына,
бір жарқ етіп ант берді алласына:
"Шың мойнына орады далам мені,
енді осында мәңгілік қалам!" — деді.
Төгіп еді бір ақын жатқа жырды —
әлгі таудан жүз бұлақ ақтарылды.
Ақын айтты: "ел туды мына мені,
мен де осында қалармын, сірә!" — деді.
Сол-ақ екен бір керім төкті нөсер,
алтын көсеу-найзағай көкті көсер.
Ақырды аспан — тұндырды құлағымды,
ақырды ақын — бұрқырап жыр ағылды.
...Нөсер тынды.
Ақын жоқ — өтті, кетті,
кетті ақтамай көп үміт, көп тілекті.
"Жетпей жазды-ау ақын!" деп шулап бәрі
сол ақынның ұрлап жүр шумақтарын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл таудың шыңдарының бәрі мықты

  • 0
  • 0

Бұл таудың шыңдарының бәрі мықты,
мықтылық бәрін бірдей кәрі ғыпты.
Шоқалдар шың болудан әлі үмітті
шыдамай қызғанышқа жарылып тұр.

Толық

Лава

  • 0
  • 0

...Лава аузында қарауытты шаң-дағы;
Әр көлеңке қозғалады ұрлана.
Қараңғыға түсті шаңның салмағы,
Шаң дариясын ұрттап-төгіп тұр Лава.

Толық

Қарайды қара көз ғана...

  • 0
  • 0

Қарайды қара көз ғана
Айнасына да наздана.
Әлдене тұсқа, әлдене
Жетпейтін сынды азғана.

Толық

Қарап көріңіз