Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1326
— Туған жерің қай жер, — деді, — жаңа ақын?
— Ол жерде де аспан мен күн болатын.
— Туған жерің қай жер? — деді бір келіншек күлегеш,
— Қара жер! — деп жауап бердім, — су емес.
— Он жылдықты қайда оқыдың? — деді ер бір,
— Мектепте! — деп толқыдым мен, —
оқытқан-ды өз ісіне ұсталар...
— Ауа райы қандай еді ол жердің?
— Жауатұғын жазда — жаңбыр, қыста — қар,
бұлттар маңып жататұғын биікте,
бар еді онда бұралқы ит те, киік те.
Шөптің басы сыбдырлайтын жел ессе...
— Барлық жер де дәл осындай емес пе?!
— Міне, — дедім, енді дұрыс ұқтыңыз,
Қайда да бар ойлы жігіт, мықты қыз.
Отанның қай жеріне де күн мен ауа тарайды,
Қай төбенің аспаны да арайлы,
Қай төбе де туған жер деп мақтануға жарайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл

  • 0
  • 0

… Келеді өмір әрі ұқтырып, әрі үғып,
Ұқтырудың, ұғудың да бәрі – үміт.
Күлу менен қуану жас мәңгіге,
Қайдан келсін біздің жерге кәрілік!

Толық

Ей, жас өмір

  • 0
  • 0

Сенің үнің, сенің үнің бұл өктем,
Сенің қолың тереземе гүл еккен;
Сенің ойың жарып шыққан жүректен,
Ей, жас өмір.

Толық

Кім кінәлі?

  • 0
  • 0

Көгіс-сұрқай аяқтары тырбиып
Өліп жатты тротуарда балапан:
атқан секілді еді жаңа ғана таң,
Әлдекімге өлетін де уақыт болып қалған ба? —

Толық

Қарап көріңіз