Өлең, жыр, ақындар

Тоғай ертегісі

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 563
— Жемсау бар ма бұлбұлда? —
Сонау-сонау өтіп кеткен жылдарда
бір қарғадан сұрап жатты бір қарға:
Қара қарға сұрады ала қарғадан,
ала қарға сұрады ұзақ қарғадан.
Бар есуас қанат қақты қарға боп,
Қарға болып қарқылдады бар надан:
— Жемсау бар ма бұлбұлда? —
Сауалға осы жауап іздеп бәр-бәрі,
тоғай кезді, көң-қоқырды шарлады —
таппады ақыр,
қарға шоқып қарғаны,
бірін-бірі қарғасың деп қорлады.
Бірін-бірі қарғасың деп қорлаған,
бірін-бірі жорғасың деп арбаған,
қарға ақылды бола ала ма қарғадан,
қарға қайдан озушы еді қарғадан!
— Жемсау бар ма бұлбұлда?
— Бар! — деп қалды әлдекімнің дауысы,
— Бар! Бар! — десті жаңғырығып тау іші.
Шулап кетті орман, дала: "бар", да "бар",
Бар! Бар! десіп қарқылдасты қарғалар.
Қуаныштан бүйір бүлкіп, ет қызды:
Қара қарға — ұзақтарға жеткізді,
Ұзақ қарға қуантты ала қарғаны,
"бар! "бар!" десіп шуылдасты бәр-бәрі.
Бұлбұлдардың тегі — өнер ғой, ал, осы
қайдан шықты жемсау деген "бөлесі?"
"бар!" "бар!" десіп "бар" да "бар" —
Неге мұнша қуанады қарғалар?
Бұл сұраққа жауап беру жеп-жеңіл,
Осал жері бұлбұлдар мен пенденің:
Жемсау! (Қарын!)
Егер бұлбұл бітеу болса, бір үміт
Үзілер ме еді, қарғалар
Қарқылдауды қояр ма еді түңіліп?!
Ал, жемсау бар.
Онда не тұр? Қатқан іш
Жібімейді — тағдырлар тым жатты алыс.
Бірақ, бірақ, титтей болсын, бұлбұлдың
Қарғаларға ұқсағаны — мақтаныш!
"Бар", "Барр!" дейді қарға біткен
тоғайдағы, түздегі,
"Қар", "Қарр!" болып естіледі бізге бұл.
Кещелер ғой түсінбейтін ым-дымға
Қарға жұрты түсті сөйтіп дырдуға.
Әттең бірақ...
Қарғалардың білмегені-ақ жақсы еді
Жемсау барын бұлбұлда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкжиектен көтерді күн кірпігін...

  • 0
  • 0

Көкжиектен көтерді күн кірпігін.
Ерке сұлу күле оянды құрбысы-ау.
Шәлі-бұлттың мойнына іліп жыртығын
Күн сәулесін қабыл алып тұрды тау.

Толық

Суыртпақ

  • 0
  • 0

...Маңдайы оның өткен өмір қолжазбасы – бәрі мұң,
Сол жазуға жетілік шам түсіретін жарығын.
Сөнер сәуле қалтылдайтын, қалтылдайтын әжем де,
Қалтылдаумен өткізіпті ол өмірінің жарымын.

Толық

Табиғат мінезді етіп берсе тілді

  • 0
  • 0

Табиғат мінезді етіп берсе тілді,
ойлап ем мінезді өлең көрсетуді.
Жақындап кетіп едің — бұрқ еттім мен
талайдан жан баспаған жол секілді.

Толық

Қарап көріңіз