Өлең, жыр, ақындар

Салыстыру

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 531
Ұран деді шындықты,
Шындық қуған тірлікті,
Қыран деді шитімдей шегірткені бір мықты.
Шегірткелер әулеті, әй, дүрлікті-ау, дүрлікті!
Шегірткенің сол мықты бір үйірін тартып aп,
айғырына әулеттің арпа берді жарты қап.
Ал қыранның алдында қауырсындай қалтырап,
құлап түсті бір күні жалбаң етіп Жайыққа.
Құрыды, ойбай, батты, әне,
жүгір жылдам, қайық тап!
Судан алдым суырып,
Жігіт екен байыпты-ақ:
Бір бұлбұлды, сөйледі ол, саңғиды деп айыптап.
Шегірткенің қауқарын шертіп таныр бар әлім,
Қырандарға қарасам әлін біліп қарадым.
Таныдым мен қыранның қанатының жарқылын,
Қарғаны да таныдым... шоқығаны арқылы.
Көңіл жүйрік әркімде,
Көргіш екен көз деген,
Сенер болсаң сөзге егер
Әлі талай түсінік, тағдырлар да өзгерер.
Өзім танып алғанша, айтқыштарым, айта бер,
тек, ергендер қарғаға, тұмсығыңды байқап ер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апрель таңы (1 басылым)

  • 0
  • 0

...Таң бір ғажап, таң арайлы
Шығыс жақта тұрды күліп.
Біздің қала қарағайлы,
Қарағайлар жүр қыдырып.

Толық

Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас...

  • 0
  • 0

Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас,
амандасуға созған қолыңды ұстап «қош!» дедім.
Сөндіргенше үмітіңді сенің жас,
өзім неге сол арада өшпедім!..

Толық

Партия

  • 0
  • 0

Ал, партия, сенің күнің бұл туған,
Өз толқының өзенімде бұлқынған.
Сүйемін мен, сүйемін мен өзіңді
Адам үшін – алға ғана ұмтылған.

Толық

Қарап көріңіз