Өлең, жыр, ақындар

Көне қорғаннан табылған тас босағадағы жазу

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 360
Ей, жолаушы, жолың болсын әлдеқайда асыққан,
Сыңайың бар суыт жүріп, келе жатқан қашықтан.
Жортқан жанға бұйырады түзден ғана ырыздық,
Сәл аялдап, дәм татып кет мынау қара лашықтан.
Тіршіліктің мұндай сәті келе бермес ұдайы,
Атыңнан түс, беліңді шеш, қонағым бол құдайы.
Пенде тұр ғой, мейманына қызмет еткен пайғамбар,
Бәйек болып, мың бүгіліп, зыр жүгіріп жұбайы.
Көкшолақпен көктей өтіп қазақтың кең даласын,
Алды­артыңа қарамастан, қайда шауып барасың?
Мына жолдың бас-аяғын көзбен көрген ешкім жоқ,
Мәңгі-бақи сабылдырған адамзаттың баласын.
Күймесіне қоңыраулатып қос арғымақ жеккеннің,
Осы жолмен құйындатып өткендерін көп көрдім.
Жаяу қалып бір-біріне жете алмаған мұңлықтар,
Зар жылаған сәлем жолдап қанатынан кептердің.
Атың арып, тоның тозып сергелдеңге түстің бе,
Шалдыққанда, шөл қысқанда сусын тауып іштің бе?
Таңырқама қаны бұзық қарақшыға кезіксең,
Өмір деген қатері көп күре жолдың үстінде.
Барар жерге аман­-есен тірегенше ат басын,
Көлденеңнің қырсығынан Тәңір өзі сақтасын.
Бәле­-жала байқамасаң балағыңнан кіреді,
Қоржыныңда ширатылып шұбар жылан жатпасын.
Тиянақсыз бұл ғұмырда тағдыр бәрін билемек,
Қайыршы да жолға шығар құр сүлдерін сүйрелеп.
Айдалада домаланып басы қалған талайдың,
Сақалына құжынаған шыбын­-шіркей үймелеп.
Сенделгенше сағым қуып сүрлеу-соқпақ ізбенен,
Сұхбат құрып, көңіл көтер біразырақ бізбенен.
Сен ғана емес жұмбақ сырлы, жолы қиын жалғанда,
Диуанадай дүние кезіп, дәтке қуат іздеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз көшіп

  • 0
  • 0

Жаз көшіп күлімдеген жарқын жүзді,
Қарсы алдық суық қабақ салқын күзді.
Енді өмір әкеміздей еркелетіп,
Мінгізбес мойынына еркін бізді.

Толық

Өтеді күндер

  • 0
  • 0

Өтеді күндер, соғады сағат,
Қанатты көңілім таппайды тағат.
Қол бұлғап бізден алыстау кетті,
Балалық шақтың базары тарап.

Толық

Кел, Наурыз!

  • 0
  • 0

Наурызым, сары уызым,
Жүдеп едім сен кетіп.
Қайта келдің, байтақ елдің,
Қуанышын селдетіп

Толық

Қарап көріңіз