Өлең, жыр, ақындар

Жас туралы толғау

Ойпырмай қартайдым ба денем ауыр,
Дегенге күлуші едік қайран тәуір.
Зуылдап уақыт деген өтеді екен,
Шіркін-ай, келер ме екен жастық дәуір.
Он сегіз жарқыраған күн екенсің,
Жиырма бес ұшып жүрген құс екенсің.
Отыз бен қырық деген таң екенсің,
Елуім барып тұрған түс екенсің.
Алпысым сен кеш екенсің.
Жетпісім күздің қысқа күні екенсің.
Сексенім күздің сұр бұлтымысың.
Қаптаған сұрықсыз аспанымды.
Сонда да сала берем мен әнімді,
Еске алып алыстағы жастығымды,
Балалық бал дәуренді сағынышпен.
Қызықты студенттік шағымызбен,
Қалжыңмен әңгімеміз жарасатын.
Бүгін де міне біздер ата-әжеміз.
Жанымызда тәп - тәтті немереміз.
Өсе берсін, өне берсін бала шаға,
Деп тілеуін тілейтін жеке дара.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз