Өлең, жыр, ақындар

Ортақ мұң

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1091
Ортақ мұң əркімнің-ақ ойын тербеп,
Азаттық жыры айтылса-ақ арман кернеп.
Намысы əр əйелдің түрткілейді,
«Сараны сайратуға жəрдем бер» деп.
Біреуі ақық моншақ, бірі тана,
Алып кеп: «Омырауыңа, – дейді, – қада».
Шеріктеп, кездеп шығып шəйі көйлек,
Табылды қамзол тігер Қатипа да.
«Құралмақ көп түкірсе – көл» дегендей,
«Жармысын бүтініңнің бөл» дегендей.
Біреуге біреу осылай пейіл тауып,
Азаттық жыр тыңдауға шөлдегендей.
Аз күнде-ақ «қыз» атандым бойым сылап,
Оқалы қамзол киіп, белді қынап,
Шоқпардай үкі таққан кəмшат бөрік,
Ақша жүз ажарыма тұрды ұнап.
Көтерген көп көмегі бір баланы,
Көрікті киімдерге жырғалады.
«Базарлық», «орамалым» деген атпен,
Сақина, болды күміс сырға-дағы.
Кешегі күл-көмеште өскен басым,
Толықсып, толған айдай ырғалады.
Ары өтіп, бері өткені «сыйлық» тастап,
Көбейді қызға «ұнамақ» мырза-дағы.
Көркейіп, сырт пішінім өзгергенмен
Кетпейді жүректегі ызғар əлі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдыр тәлкегі

  • 0
  • 0

Ақша қар алғаш жауған қыстың басы,
Көңілсіз көк салбырап қабақ-қасы.
Бекеті Абдыраның ашық дала,
Ақсудың жарғабақты босағасы.

Толық

Жүрек

  • 0
  • 0

Жүректен жанға жылы сөз бар ма елде,
Жүрексіз тірлік бар ма суда, жерде?
Қашанда өмір жыры – жүрек сыры
Біреуін сол жүректің айтам мен де.

Толық

Сара мен Тəсібек

  • 0
  • 0

Қонады қалың үйсін Қараталға,
Мінеді Сарбас ағам өрме жалға.
Тəсібек, өтірік айтпай, шыныңды айтшы,
Өзіңнің Айтқожадай атаң бар ма?

Толық

Қарап көріңіз