Өлең, жыр, ақындар

Жарысқазан

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 379
Жадырамай күн ұзын,
Сипап үнсiз бұрымын.
Əлсiн-əлi
Анашым,
Баса бердi бүйiрiн.
“Жата тұршы, күнiм!..”– деп,
Түсiнiксiз күбiрлеп,
Əжем сыртқа беттедi,
Дауысында дiрiл көп.
Өңi неше құбылып,
Буынып та, түйiнiп,
Елпең қағып
Кеттi Атам,
Телефонға жүгiрiп.
Құбылыстай бұл заңды,
Iс басталды бiр мəндi.
Көршi үйдегi тəтелер,
Кiрiп-шығып,
Тынбады.
Қазан-ошақ асылып,
Көңiлдер тұр тасынып.
Жеттi “Жедел жəрдем” де,
Желдей есiп асығып…
Көршi апалар,
Табанды,
Қайнатуда қазанды…
“Жедел жəрдем” –
Салып ап,
Əкеттi алып анамды.
Жұрт қарап бос тұра ма,
Деп қояды қуана:
“Қазан – бұрын қайнай ма,
Келiн бұрын туа ма?..”
Алабұртып,
Құшып нұр,
Кетердеймiн ұшып бiр…
… Қазан бетi бүлк етiп,
Жақсы хабар күтiп тұр…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл кім?

  • 0
  • 0

Көрген жанды таң қалдырар,
Үш келiдей –
Салмағы бар…
Бойы –

Толық

Қысқы бұлт

  • 0
  • 1

Қыстағы бұлт – түтiндей,
Көктi жабар бүтiндей:
Аяқ асты қар жауар,
Күн күркiреп, күрсiнбей…

Толық

Есті әрі көргенді, жігіт болам мен енді...

  • 0
  • 0

Тұлғасы зор,
Еңселі,
Іске мығым, белсенді
Азаматты

Толық

Қарап көріңіз