Өлең, жыр, ақындар

Қалжа

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 413
Əжем гүлдей жайнады,
Атам тiптен жайдары:
“Қалжасы,– деп,– келiннiң.”
Қой сойды атап
Арнайы.
Жөн сiлтейтiн батыл тым,
Əжем – кенi ақылдың.
Қалжаның мəнiн ақырын,
Тəптiштеп сұрап жатырмын.
“Рəсiм, күнiм, бұл ұлы,–
Деп əжем сөйлеп, қызынды. –
Қалжа жеп, сорпа-су iшсе,
Анаңның бекiр буыны.”
“Мəнi көп мұның болжасаң, –
Деп iлiп сөздi,
Созды атам. –
Қалжалы бала
Олжалы,
Ырысты болар, жан ботам!..”
Қалжада
Сыр көп бiлемiн,
Кие деп ұқтым мұны өзiм:
“Ауырмай анам,
Бөпем тез
Өссе екен деп тiледiм!”



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйінші!

  • 0
  • 0

”…Сүйiншi!
Ой-һой!…”
Тым ерлеп,
Есiк қақты бiреу кеп.

Толық

Жаңа ғасыр

  • 0
  • 0

Десе де,
Амандыққа жете ме?!
«Тәуба!..» деген сөзді Атам
Айтпайды екен бекерге...

Толық

Итжейде

  • 0
  • 0

“Қой, бөпешiм, бұлқынба,”–
Көндiрдi əжем ырқына.
Əйбəт жейде кигiздi,
Тiгiсi тек сыртында.

Толық

Қарап көріңіз