Өлең, жыр, ақындар

Ат қою

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1008
Өмірден көп көргені,
Ақсақалға төрдегі:
“Азан шақыр,
Ат қой“,– деп,
Жиналған жұрт сөз берді.
Бата жасап бағыштап,
Қарт
Бөпемді алға ұстап:
“Сенің атың
Əмина!...“–
Деді үш рет дауыстап...
Əн-күй кетті қалықтап,
Атын естіп анық, нақ,
Езу тартты бөпешім,
Қуанғандай шалықтап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім ардақты?

  • 0
  • 0

Ең ақылды –
Дана,
Ең пейілді –
Дала,

Толық

Ең жаман

  • 0
  • 0

Бәрін біліп отырып,
Ең жаманы – біл демеу.
Қатерлі дерт – өтірік,
Ең дұрысы – үндемеу.

Толық

Не тәтті, не қатты?

  • 0
  • 0

Бұл дүниеде жеңіл не?
Ол – есімі Алланың!
Бұл дүниеде ауыр не?
Ол – шешімі Алланың!

Толық

Қарап көріңіз