Өлең, жыр, ақындар

Ғибрат болсын сіздерге!

Күн шықса лезде батырған,
Уақыт неткен зымыраған.
Бұл дүние уақытша,
Қонақпыз аяқталғанша.

Ізгілік қаныңа тарасын,
Адамзат қайда барасың?
Адаспаған болсаң егер,
Дүниеден сау қайтарсың.

Бірітіндеп адамға бақ қонбас,
Адам боп өзі ұмтылмаса.
Ажал жетпей өлім болмас,
Көлденең тап болмаса.

Жазғанымнан не пайда,
Оқыған баға бермесе.
Бөскенімен не пайда,
Нəтижесін көрмесе.

Түсінгенінен не пайда,
Жүрегі қабылдамаса.
Өмір сүргенінен не пайда,
Түбінде қайыр болмаса.

Иманға шын берілген,
Тойсыз да өмір сүре алар.
Еңбекке шын берілген,
Əнсіз де өмір сүре алар.

Ақылы үнемі толықпаған,
Шынды, хақты ұға алмас.
Сөзді жүрекпен тыңдамаған,
Сөз шындығын таба алмас.

Тағдырға еш өкпем жоқ,
Разылық еттім бəріне.
Уақытта шын бір мін жоқ,
Үлестірілген бəріне.

Кей кездері қуанған,
Кей кездері мұңайған,
Көп адасқан шатасқан,
Тұрақты бола алмаған.

Замандастан шықты ғой,
Залым менен дұшпаның.
Құтырып шектен шықты ғой,
Болмады жөнге салғаның.

Бір-бірімізді уладық,
Бір-бірімізді қорладық,
Кешірім неге сұрамадық?
Шүкірлік неге қылмадық?

Сабрлық неге танытпадық?
Құдайдан неге қорықпадық?
Құран қалдырған ақ жолды,
Жаңамен неге былғадық?

Бес парыздың барлығынан,
Сабақ неге алмадық?
Күнде бір уағыз, қатын әңгіме,
Екі құлақпен қармадық.

Жөнге салар көш бар ма?
Пайғамбар Сүннет жолынан.
Ақиқат құны қалды ма?
Адамзат жасаған амалдан.

Өлімді жиі еске ал,
Өзіңді сөйтіп тəрбиеле.
Ақыретті жиі еске ал,
Қалып қойма көлеңкеде.

Тойда ішкен бір күн мас,
Есі жоқтар күнде мас.
Құл болып кетпе жаманға,
Еріп кетпе арамға.

Шын иманың бақыт қой,
Өтірік мақтаннан аман бол.
Сағынба той ас күлкіні,
Боқ сөздерден аман бол.

Заманың қарасұр түлкі ғой,
Бар тірегіміз иман ғой,
Зұлымдық барын ұмытпа,
Ақылмен соны ұқпақ қой.

Өмірден күдер үзгендер,
Өзіне-өзі қол салар.
Өзін төмен санағандар,
Өзін-өзі қор қылар.

Тірегің болса туысың,
Бақыттысың дəл солай.
Қамқор менен мейірім,
Алланың өзі дəл сондай.

Байлықтан күдер үзгендер,
Кедейшілікке тап болар.
Өзгені төмен санағандар,
Тəкаппарлыққа тап болар.

Құдай барын ұмытқандар,
Залымдарға тап болар.
Сабрдың барын ұмытқандар,
Күпірлікке тап болар.

Дүниеге адам тояр ма?
Ел қамын біреу ойлар ма?
Біреудің тілеуін тілер ме?
Байлық пен атаққа тояр ма?

Уақытты біз қашан шыныменен,
Иманға жаратымыз ғылымменен.
Жауапты жұмыс осы деп,
Ғибрат болсын осыменен.











Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайғы

  • 2
  • 0

Кей адамға өмір қайғы, 
Көрген қызығы аз еді.
Кей адамға өлім қайғы, 
Үлгермегені бар еді.

Толық

Қасиетті Құран

  • 0
  • 0

Көз жасы ағып барады
Сәждеге бара жатқанда 
Көзімнен жас тоқтар емес
Сәждеге бас қойғанда

Толық

Өмірлер

  • 1
  • 0

Уақытша айыру өлім дейтін, 
Қимай қоштасып кетерміз. 
Шын махаббат жан мен тәнде, 
Қайтып айналып келерміз.

Толық

Қарап көріңіз