Өлең, жыр, ақындар

Жастарға тілек

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1178
(Абай мен Шәкәрім кітаптарының тұсаукесерінде оқылған өлең)

Оқысаң ойға толы қалың кітап,
Рухың жасымайды, жаның жұтап.
Абай мен Шәкәрімді үлгі тұтып,
Жас ұрпақ, өмірден өз жолыңды тап.
Жырлары бағыт сілтер қос дананың,
Талқандап надандықтың тас қамалын.
Абай мен Шәкәрімді ұға алмасаң –
Сол болар ең үлкені масқараның.
Абай мен Шәкәрімше еліңді сүй,
Жұрт үшін керек болса жаныңды қи.
Халықтың қыз – ұяты, ұл – мияты,
Айныма адалдықтан, нәпсіңді тый.
Қайыр қыл, қолдан келсе жамағатқа,
Қалдырма ата-анаңды жаман атқа.
Алдымен арыңды ойла, қарынды емес,
Жүгінсін байлық, мансап қанағатқа.
Қазақтың қатар жүрген ұл мен қызы,
Елікпе, елірді деп жердің жүзі.
Аяқты анық бассаң адастырмас,
Абай мен Шәкәрімнің салған ізі.
Тайраңдап өте шықпа тасыр-тұсыр,
Әр сөзін көкірегіңе хатқа түсір.
Боласың сонда ғана нағыз адам,
Келмесе осы айтқаным бетке түкір...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қандай сұлу дүние!

  • 0
  • 0

Көзімді ашсам жайнаған күнді көрем,
Нұрды көрем бұлттарды тілгілеген.
Тауды көрем, көремін көк орманды,
Гүлді көрем жібектей үлбіреген.

Толық

Топырағың торқа болсын

  • 0
  • 0

Топырағың торқа болсын, өлген сөз бен өлген ой,
Әуел бастан тағдыр жазған орның сенің көрде ғой.
Тіршіліктің тік қазығы қызыл тілге мызғымас,
Жанталасып жармасқанмен бұл фәниге пенде өгей.

Толық

Өтеді күндер

  • 0
  • 0

Өтеді күндер, соғады сағат,
Қанатты көңілім таппайды тағат.
Қол бұлғап бізден алыстау кетті,
Балалық шақтың базары тарап.

Толық

Қарап көріңіз