Өлең, жыр, ақындар

Дәурен­-ай!

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2222
Самғаған аспанында сар даланың,
Сағындым бозторғайдың салған әнін, дәурен­ай!

Еркіңе бағынбас,
Асау арман­ай!
Іздесем табылмас, беу, шіркін,
Асыл маржан­ай!
Жастық дәурен тұрмас,
Қайта мойын бұрмас,
Тоқтамастай,
Шапқан аттай,
Атқан оқтай, дәурен­ай!

Сырыңды мен қалай
Қалдым аңдамай?
Анамның сүтіндей, беу, шіркін,
Аппақ таңдар-ай!

Сағынсам бозторғайдың салған әнін,
Қолға алып домбырамды толғанамын, дәурен­ай!

Сабадан асырмас,
Сайран өмір-ай!
Арыны басылмас, беу, шіркін,
Қайран көңіл-ай!
Өмір көркі тозбас,
Одан ешкім озбас.
Ескен желдей,
Көшкен сендей,
Аққан селдей, дәурен­ай!

Аспаңдап алатын,
Асқақ қанатым,
Саған да кез келер, беу, шіркін,
Тыным табатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән-шашу

  • 0
  • 0

Домбырамды алайын,
Қанат қағайын!
Шырқап әнге салайын,
Тыңда, ағайын!

Толық

Ұлыма

  • 0
  • 0

От баспа, оң­-солыңды байқа, балам,
Толып жүр айналаңда сайтан адам.
Бағасын балапанның біле бермес,
Ұяда жұмыртқасын шайқамаған.

Толық

Жасынның сынығы

  • 0
  • 0

Тербет, толқын көбік шашқан,
Сілте, дауыл көpiк басқан.
Көз алдыма кел дөңгелеп,
Kөpiктi жер,

Толық

Қарап көріңіз