Өлең, жыр, ақындар

Жүрек толғауы

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 846
Өткеннің орны толмайды,
Өкініп жүрек толғайды.
Батасыз құлдар болғанмен,
Атасыз ұлдар болмайды.

Қайырмасы:
Атадан қалған жер қайда?
Арыстан жүрек ер қайда?
Ұрпағы қорған болмаса,
Біреулер келіп қорғай ма?
Елім-­ай!
Жерім-­ай!
Елім­-ай!
Жерім-­ай!
Қайран өмір-ай!
Еңістен келіп өрді алды,
Есіктен кіріп төрді алды.
Тоналып біткен қазағым,
Аянар енді нең қалды?!

Қайырмасы.

Бабаның бар ғой киесі,
Даланың бар ғой иесі.
Іштегі дертті қозғаса,
Пенденің босар жүйесі.

Қайырмасы.

Бұлаңдап заман алдай ма,
Жазғаны сол ма маңдайға?
Қайырылған қайсар қанатым,
Қайтадан көкке самғай ма?

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бас

  • 0
  • 0

Эрмитаждың түкпірінде хан басы,
Жарылқасын жалғыз ғана Алласы.
Ақ сүйекте ап­айқын боп тұр білем,
Қырғыздардың қылышының таңбасы.

Толық

Алатаумен сырласу

  • 0
  • 0

Ойыма қайдан түсті бұл бір өлең,
Семсердей өзегімді тілгілеген.
Алатау, есіңде ме, тұрыпты ақын
Соңғы рет саған қарап дүрбіменен.

Толық

Емен

  • 0
  • 0

Өркен жайған, еңсесі көк тіреген,
Көктем сайын жапырағы түлеген,
Жолаушылар көлеңкесін саялап,
Жыл құстары бұтағына түнеген,

Толық

Қарап көріңіз