Өлең, жыр, ақындар

Астана күніне арналған өлең

  • 31.10.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Тарихтан қаланған, бүгінім - Елордам
Сан ғасыр бостан болар күнін күткен,
Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен.
Талай шаһар бабалар салғаны анық,
Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.
Таусылмас шежіресі,сірә,қатпар,
Өткеннен сыр іздесең мұраны ақтар,
Сыр бойында қорған боп жатқан жоқ па,
Ескі астана - Жанкент шаһар, Сығанақтар.
Қазақ өсті болмысы арға тұнған,
Кешеден бүгінгіге жалғатып ән.
Іздеген жан тарихтың табар ізін,
Орынбор, Қызылорда мен Алматыдан.
Өткенін танып ел де сүйінген-ді,
Үйренді ұлт сол арқылы иілмеуді.
Талайға тәлім берген заман көші,
Арқада Астана боп түйінделді.
Тәуелсіз боп іргесі қаланғасын,
Белгілі елге ешкім сын таға алмасы.
Бұл қаланың өзгеден жөні бөлек,
Өйткені ол - Еркіндік Елордасы.
Жүзеге асып Елбасы бастамасы,
Мойындады ұлтымды дос та, қасы.
Сарыарқаның төрінде - сәнді шаһар,
Ол - Қазақтың Елінің Астанасы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз-сезiм

  • 0
  • 2

Армандардың айдынын алса кемең,
Жүрек, шiркiн, соғады қанша елең.
Артық па екен, бiлмедiм, емес шығар,
Арналса да қыздарға қаншама өлең.

Толық

Енді бүгін бақытына ұмтылды

  • 0
  • 0

Келешекке ой көзімен үңіліп,
Жастық жүзден сезімі асқақ білініп,
Бақытының кілті сонда екенін
Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып,

Толық

Зейнеткер ұстаздарға арнау

  • 0
  • 1

Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер.

Толық

Қарап көріңіз