Өлең, жыр, ақындар

Тіршілік

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 506
Жат қылыққа жоламас арлы кісі,
Жақсылыққа бастайды барлық ісі.
Жылап келіп, жыламай кетуді ойлар
Таусылғанша тірлікте бар тынысы.
Қыз баладай тым ерте шырайланған,
Қызығың көп, тіршілік, ұнай қалған.
Содан болар өзіңе ғашықтығым,
Өкінбестей жолымды құрайды арман.
Іші тарлар тартса да кері, мейлі,
Жақсы ұлынан туған ел жерімейді.
Алғанынан бергені көп адамның
Ешқашан да беделі кемімейді.
Ғажабы бар кей жылдар алшаңдатқан,
Азабы бар кей күннің арқандатқан.
Мезет екен тіршілік өте шығар,
Жанарындай маралдың жаутаң қаққан.

2009.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тойдың тойы – асыл той

  • 0
  • 0

Сұлтан ағам дәл сексенге келгенде,
Тойдың тойы жетті Құдай бергенге:
Төлегеннің Қыз Жібегі секілді
Жетпіс бесті игеріпті жеңгем де.

Толық

Сәкен үшін алғысым

  • 0
  • 0

Екі жыл өтті өмірден Сәкен озғалы,
Оқыс қаза сан жүректі қозғады.
Тарлан еді­ау, биік туған арманы,
Айғақ болған Айға қолын созғаны.

Толық

Бошай кітапбаевтың айтқаны

  • 0
  • 0

Ән көтеріп тұрғандай­ақ бұл ғалам,
Әншілерге жақын жүрем бір табан.
Сұлу саздың керектігін байқадым
Басқарма боп жүрген кезде тыңдаған.

Толық

Қарап көріңіз