Өлең, жыр, ақындар

Ұлтжандылық көкіректе тұтанды

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 400
Мұхит аға дейтін бізді «батырым»,
Директор ғой шығарса да батыл үн.
Көрші болып тап қасына барғанда,
Ерулік беріп, көрсетті зор шатырын.
– Әй, батырлар, бердіңдер ме ерулік? –
Деп сұрады көршілерден керім қып.
Дастархандас үндемеді жігіттер,
«Жоқ» деген сөз әкелердей өлім тік.
– Хаке, – деді, – директорлық жарлығым!
Жас та болсаң үлкен жолың бар бүгін.
Келіндерден үлкен кешірім сұраймын,
Боқта, – деді, – жігіттердің барлығын.
Жасқанушы болма, – деді, – тақсырым,
Өкпелеу де осындайда жақсы ырым.
Өзім бар ғой... түк қалдырмай сыбаймын
Бұзғандарды ата­баба дәстүрін.
...Күлкі келмей тұрса­дағы келістік,
Көршілер де деп жатты ғой «дұрыстық».
Үлкен аға ойнап қана айтса да,
Түбі терең дәстүр сырын ұғыстық.
Мырза халық негізінде кеншілер,
Табысы мол мықтылар ғой кең жүрер.
Содан кейін кезек­кезек шақырды
Қаптап жатқан маңайдағы көршілер.
Ұлтжандылық көкірекке тұтанды,
Дәстүр екен Құдай берер құт алды.
Осы күнде қосылғанда басымыз
Еске алып отырмыз Мұхаңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырымбет арулары

  • 0
  • 0

Төрт тамаша Сырымбет сұлулары,
Көкшетауда жүр шымқай шырын-­дәрі.
Той­думанда аттарын жырға қоссам,
Ұнатады марқайған бүгін бәрі.

Толық

Кездессе оқыс қуаныш

  • 0
  • 0

Кездессе оқыс қуаныш,
Жетелеп бақыт жол бастар.
Жұлдыздай жанған тым алыс,
Аңсатқан арман көз тастар.

Толық

Қазақтың асыл ұлы

  • 0
  • 0

Қазақтың көзін жұмды асыл ұлы,
Жадында жатқан тұнып ғасыр мұңы.
Ұлы ұстаз, заңғар ғалым жүзі сөніп,
Жасыбай толқынындай басылды үні.

Толық

Қарап көріңіз