Өлең, жыр, ақындар

Шаттық селі

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 458
Тәуелсіз күнім түзеп қаталықты,
Елбасы Абылай ханнан бата алыпты.
Кешегі «Щучинский» деген аудан
Бурабай ауданы боп аталыпты.
Бураны шортан десе таңғалушы ек,
Шыдадық, бала күннен аңғарушы ек.
Алланың берген атын бұйыртпаса,
Білдірмей іштен тынып, зар қағушы ек.
Құттықтап «Гәккулетсек» әнші дайын,
Алтын күз – ақ бидайлы күйші дайын.
Аққу­қаз сексен көлден саңқыл қақса,
Аямас бар өнерін биші қайың.
Ойымды құтты аймаққа бұра бердім,
Келбеті көлде ойнады құба белдің.
Қуандым айдан анық көрінгендей
Ор болып қалған ізі Құлагердің.
Қыздарса жан­жүректі жаңа жалын,
Дербестік жеңісі деп бағаладым.
Сүйінші сұрар бүгін Біржан салдан
Бақида Сәкен, Мағжан ағаларым!

08.09.2009.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөберемді «Бәйтерекке» апардым

  • 0
  • 0

Мен де биыл үлкен ата атандым,
Бірі болдым өркені өскен қатардың.
Жетпіс беске келген шақта бұйырып,
Шөберемнің қолынан су тата алдым.

Толық

Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды

  • 0
  • 0

Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды,
Одан артық таппайсың жақыныңды.
Сатылуды білмейді, түлкілікті,
Білсе­дағы жазасыз атылуды.

Толық

Шексіздік

  • 0
  • 0

Мұнары шексіз
Тұманы кетпес даланың,
Қиялы шексіз
Зиялы туған дананың.

Толық

Қарап көріңіз