Өлең, жыр, ақындар

Қызылжар

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 829
Ақ қайың елі жайдары,
Сарыарқа алтын айдары.
Абылай ақ үй орнатқан,
Қазақтың ғажап аймағы.
Әнші де ақын ғұрпыңнан,
Көркіңе терең сыр тұнған.
«Гауһартас» сенсің құлпырған,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.
Орман, көл толы айналаң,
«Гәккулі» өлкем жайнаған.
Сандуғаш сайда үніне
Інжу мен маржан байлаған.
Мағжандай қайсар жаралған,
Ұлдары арыс сан алуан.
Атадан мирас нәр алған,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.
Аққұба туған үлбіреп,
Гүлден де сұлу гүлдірек.
Ұлпанға тартқан ұлтжанды,
Қыздары шымқай Қыз Жібек.
Анамдай жылы жүрегі,
Есілдей көпшіл тілегі.
Достықтың берік тірегі,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан

  • 0
  • 1

Аялаған өз елің,
​Отан – биік тауларың,
​Отан – шексіз кең далаң,
​Жасыл бағың, бауларың,

Толық

Ашық сыр

  • 0
  • 0

Өту қиын бұл фәниден жасқанбай,
Әу дегенше тиер басқа тас қандай?!
Ерте кетті Сегіз сері өмірден,
Бар күйігін сұм қара жер басқандай.

Толық

Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ

  • 0
  • 0

Меңіреу уақыт,
Қабағыңды аш, қалғыма,
Әкелемін жақсы адамды алдыңа.
Нағашыбай дәстүр сыйлар от берді,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар