Өлең, жыр, ақындар

Көңілдің көркі тозғанда

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 264
Көңілдің көркі тозғанда
Азаяр өмір қызығы.
Дүлдүлден мәстек озғанда
Сергітпес тірлік үзімі.
Қырғидың құлқын – арманы,
Салғаны нешік ойран, зар.
Әлемді бүкіл қармады
Әсіре шылқып тойғандар.
Шолақ айғыр секілді,
Қойсаң да тұрмас арқандап.
Қомағайлық жетілді,
Әсіре байып, талтаңдап.
Құлқыны түсер көзге де,
Сараңдыққа сайыған.
Жәрдем етпес өзгеге,
Талапайдан байыған.
Жабық ат бәрін жебейді,
Тауарға толы шетелдік.
Дүкендер «дөкей» көбейді
Ат шаптырып өтерлік.
Қалмаса кеше соңыңнан
Ертелі­кеш бес елі,
Бұрыла басып, жолыңнан
Көрмегенсіп өтеді.
Сұмдықты нешік байқарсың,
Кездесіп талай содырға.
Не қыл деп ақыл айтарсың
Тойынған қызба тобырға?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақтай білді мақтай үлкен ғұрыпты

  • 0
  • 0

Индиражан,
Атаң Мақтай – бауырым,
Ауылы сүйді,
Қазақ сүйді нар ұлын.

Толық

Шалғайда құшты қара жер

  • 0
  • 0

Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.

Толық

Шексіздік

  • 0
  • 0

Мұнары шексіз
Тұманы кетпес даланың,
Қиялы шексіз
Зиялы туған дананың.

Толық

Қарап көріңіз