Өлең, жыр, ақындар

Адаммын екі аяқты, періште емен

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 257
Адаммын екі аяқты, періште емен,
Кезім көп келісіп те, келіспеген.
Асырып айла-күшті қадам сайын,
Жүргем жоқ ие болып жеңіске мен.
Түс көрем елестерден, ояу жүріп,
Әлдилеп көңілімді аяулы үміт.
Жалт еткен сезім жырын ұстай алмай,
Барамын ақыл-ойға бой алдырып.
Жұлдызым жымыңдайды айна көктен,
Күрсінем күндерімді ойлап өткен.
Думанды, жәрмеңкелі сауық-сайран,
Япыр-ау, бүгін бәрі қайда кеткен?
Шыққандай сыртқа теуіп ызғар іштен
Қоштасқым келмейді әлі қыз намыспен.
Беймәлім көшедегі сұлуларға
Қарайтын сияқтымын қызғанышпен.
Білсем де ақиқатты ұраным деп,
Тұйыққа тірелгендей тұрамын көп.
«Мен қандай адаммын, – деп, – ей, адамдар
Тұрады өздеріңнен сұрағым кеп...
Тартады ойлар мені тереңіне,
Тереңнің таңсық едім дерегіне.
Арманым дүниеде болмас еді,
Өмірдің жарасам бір керегіне.
Керексіз өмір сүріп керегі не?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған

  • 0
  • 0

Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған,
Өмірімнің жүрегі онсыз соқпаған.
Сырты көктем, ішіне қыс орнатып,
Адам атын жамылғаннан сақтанам.

Толық

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған

  • 0
  • 0

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған,
Кешкі күндей өртейді-ау ішімді арман.
Өлетұғын түрім бар, өмірдегі –
Құрсап тұрған қысылып қысымдардан...

Толық

Уақыт дария, тасып, тұнады

  • 0
  • 0

Уақыт дария, тасып, тұнады,
Өртеніп, іштен ғашық тынады.
Арман-ау,
Саған асықпаймын десем,

Толық

Қарап көріңіз