Өлең, жыр, ақындар

Суретім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 327
Көзге ілінбес бұл да өмірдің сынағы,
Талғамымды кімдер қалай ұғады?
Өз суретім өзіме ылғи ұқсамай,
Қолыма алсам басқа болып шығады.
Қолыма алсам шықты екен деп қалай,
Қапаланам, ойымды үміт ақтамай.
Жиі-жиі түсер ме едім суретке,
Суретімнен елестесе аппақ ай.
Жеңдірмеймін ақылымды айлаға,
(Әзілім ғой айта салған жай ғана).
Жүру үшін ештеңені еске алмай,
Сурет түгіл қарамаймын айнаға.
Ой бұрымын тарқаттым да, неше өрдім,
Өмір солай жанып, бірде өшермін.
Айна үшін ақ бұлаққа қараған
Еліктеппін әдетіне шешемнің.
Жыр дегенде кететұғын дес бермей,
Шешемдегі мінез маған көшкендей.
Әдемі бір суреттерге түсуді
Ұмытумен келем ылғи ескермей.
Бейнелеген ішімді емес, сыртымды,
О, қаншама суреттерім жыртылды.
Білмей қойдым неге екенін, әйтеуір,
Өзіме-өзім ұнамаймын бір түрлі...
Мен өзіңсіз еліктеймін бір жетім,
Тілемеймін жаттың жалған құрметін.
Керегі не түрлі түсті суреттің,
Жүрегіңде тұрса жалғыз суретім?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағыны жаға жанып атқылаған

  • 0
  • 0

Ағыны жаға жанып атқылаған,
Айтады арман жайлы ақ бұлақ ән.
Секіріп тастан-тасқа толқындары,
Күледі жас баладай пәк күнәдан.

Толық

Қоштасып, солай сен кеттің

  • 0
  • 0

Қоштасып, солай сен кеттің,
Өмірдің сырын кім білген.
Сезіммен бесік тербеттім,
Толқынын кешіп Сырдың мен.

Толық

Алды, ақыры аңдып көптен

  • 0
  • 0

Алды, ақыры аңдып көптен,
Қара жерге жан салды жыр.
Көзін ашып қалғып кеткен,
Ақын жүрегі раушан-ғұмыр.

Толық

Қарап көріңіз