Өлең, жыр, ақындар

Бір-ақ ғана

Бір-ақ ғана

Көңілсіз қарсы алумен таң шапағын,
Өзінсіз өткізіп ем қаншама күн.
Сағынғаным соншалық жарығым-ау,
Есіміңді атаудан шаршамадым.

Көз алдымда тәп-тәтті қылықтарың,
Жүрегімді өзіңмен жылытқанмын.
Өзімді ұмытып кетсем де мен,
Сені бірақ ешқашан ұмытпадым.

Айдың нұры көрінер келбетіңнен,
Сендей сұлу таппаспын жер бетінен.
Қолыңды маған қарай созсаң болды,
Махаббатты сыйлаймын тербетілген.

Өмір солай көнесің сынақтарға,
Меннен алыс ұзама, жырақтама.
Жарығым-ау жалғыз сұрайтыным,
Бір мүмкіндік бере ғой бір-ақ қана.






Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз